Артқа
List

ЗЫҒЫР МАЙЫ 250 мл

Құрамы тазартылмаған зығыр майы 100%.
Шығару формасы 250 мл
Бағаларды серіктестер дүкендерінен біліңіз:
Сипаттама

Ас қорыту жүйесі мен асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіру, иммунитетті нығайту және терінің, шаштың және тырнақтың күйін жақсарту үшін арналған. Полиқанықпаған май қышқылдарының көзі (Омега-3, Омега-6, Омега-9). Диеталар мен дұрыс тамақтану үшін  таптырмайтын зат.

Маңызды ақпарат

Тазартылмаған тағамдық зығыр майы, 100% табиғи, алтайда өндірілген, диеталық өнім, суық сығу.

Іріктелген шикізаттан жасалған және суықтай сығудың ерекше әдісімен дайындалған, зығыр тұқымының барлық табиғи дәрумендері мен қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл өнімді үнемі қолдану сабырлылық пен белсенділікті арттырады, асқорыту жүйесінің және бүкіл ағзаның жұмысын қалыпқа келтіреді, денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтай отырып, аурумен күресуге көмектеседі.

Зығыр майын аш қарынға ішу кезінде ішек уыттардан, шлактардан, паразиттерден тазартылады.

Өзінің дәрумендік және минералды құрамының арқасында зығыр майы жүйке жүйесіне оң әсер етеді, жүйкенің бұзылуымен, дәруменсіздікпен, маусымдық көңілсіздікпен күресуге көмектеседі.


Оның бірегей құрамы жүрек - қантамыр жүйесі ауруларының алдын алуға, қан қысымын реттеуге мүмкіндік береді. Бағалы алмастырылмайтын полиқанықпаған май қышқылдарының, Омега-3 және Омега-6 жоғары құрамының арқасында зығыр майы ағзадағы алмасу үрдістерінің қалпына келуіне ықпал етеді, холестерин деңгейін және қан тұтқырлығын азайтуға көмектеседі, тамырлардың серпімділігін арттырады, шаш пен тырнақтың өсуін ынталандырады, әлсіреген шашқа жылтырлық пен өмірді қайтарады, қайызғақпен және шаш түсуімен күресуге көмектеседі. Зығыр майында ұзақ жылдар бойы жастық пен сұлулықты сақтауға көмектесетін Е дәруменінің көп мөлшері бар.


Зығыр майы әйелдердің ұрпақ жаңғырту жүйесіне жақсы әсер етеді деп саналады.


Қарсы көрсетілімдер туралы емдеуші дәрігермен кеңесіңіз.


100 г тағамдық және энергетикалық құндылығы: майлар - 99,9 г, 899кКал / 3696кДж

Қолдану бойынша ұсыныстар: күніне 1 ас қасықтан, 2 рет. Ағзаның бейімделуі үшін аз мөлшерден бастау керек.


Қабылдау схемасы:

1-ші апта. Таңертең бір шай қасықтан, тамақтың алдында жарты сағат бұрын.

2-ші апта. Кешке 1 қабылдауды қосыңыз-кешкі астан кейін жарты сағат не бір сағат өткен соң, шай қасық.

3-ші және 4-ші апта. Бір реттік дозаны бір ас қасыққа дейін көбейтеміз. Әрі қарай 3 ай бойы қолданамыз. Үзіліс 1-2 ай.

Зығыр майы тағамға тікелей қолдануға дайын.

Салаттар мен аспаздық тағамдардың құрам бөліктері ретінде немесе дербес өнім ретінде қолданылады. Тағамның құрамына майды енгізгеннен кейін температуралық өңдеуден алынып тастплувы тиіс өнімнің тағамдық құндылығын (дәрумендер, полиқанықпаған май қышқылдары) жоғалтуын болдырмау үшін.

Сақтау шарттары: құрғақ, таза, желдетілетін, бөгде иістері жоқ үй-жайларда, тікелей күн сәулесі түспейтін , 0°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспайтын жағдайда сақтау керек.

Тұтыну орамы ашылған күннен бастап 1,5 ай бойы қолдануға жарамды (тұрмыстық тоңазытқышта сақталған жағдайда).

Жарамдылық мерзімі: сақтау шарттары сақталған жағдайда 12 ай. Тазартылмаған майға тән табиғи тұнба болуы мүмкін.